Абай облысында 4 бірдей кеден бекеті жаңғыртылады. Бұл жұмыс Президенттің Қауіпсіздік кеңесі жиынында берген тапсырмасы аясында іске асырылуда. Тек Абай облысында елімізді Ресеймен байланыстыратын «Ауыл», «Жезкент», «Коянбай» және «Байтанат» өткізу пункттері жұмыс істейді. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы оларды түгелдей жаңғыртпақ. Қазір «Ауыл» бекетінде жұмыстар басталды. Онда тәулігіне 700 ге жуық жүк көлігі мен 2000-нан астам жеңіл автокөлік өтеді. Жоба бойынша бекет 7 жолаққа дейін кеңейтіліп, заманауи тексеру кабиналары орнатылады және электронды кезек жүйесі енгізілмек. Нәтижесінде өткізу қабілеті артып, тәулігіне 5 мыңға жуық көлік пен 10 мыңнан астам адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік туады. Қазір нысанда дайындық жұмыстары басталып, техника мен мамандар жұмылдырылған