Абай облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында азаматтарды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Осы жолы 9 жас жігіт мемлекеттік күзет қызметіне жіберілді. Болашақ жауынгерлерді қолдауға туыстары, жақындары және салалық мекемелердің өкілдері келді.