Абай ауданында туризм бойынша ілгерілеу байқалады. Ауданға былтыр 100 мыңнан аса адам ат басын тіреген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Аудан басшысының сөзінше, өсім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен байланысты. Десе де, салаға серпіліс беретін жаңа жобалар іске жатыр, қазір. Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды.