«Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағындағы сайлау: «Жеті Жарғыдан» бүгінгі күнге дейін». Осындай атауымен ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Тоқаевтың еңбегі жарық көрді. Айта кету керек, кітап елдің теріскейі мен шығыс өңіріндегі әртүрлі кезеңдердегі сайлау тарихы туралы жарыққа шыққан тұңғыш еңбек.