Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес, бір тәртіптік іс және құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысты мәселелер қаралды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бағытында 2025 жылы өткізілген шаралар туралы Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының есебі тыңдалды. Сонымен қатар, Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Әдеп жөніндегі уәкілінің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу фактілері бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілерге қатысты жүргізілген талдау нәтижелері қаралды. Қаралған сұрақтар бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы нақты ұсыныстар беріліп, Кеңес отырысының шешімдері қабылданды.