Негізгі Жаңалықтар Абай облысында 464 сайлау учаскесі ашылды

Абай облысында 464 сайлау учаскесі ашылды

Бүгін елімізде жаңа Конституцияға сәйкес бір палаталы жаңа заң шығарушы орган — Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлау екі палаталы Парламент Сенат пен Мәжіліс өз өкілеттігін тоқтатқаннан кейінгі тарихтағы алғашқы шара. Сайлаушылардың 7 партияға дауыс беруі арқылы 145 депутат 5 жыл мерзімге Құрылтайға сайланатын болады. Дауыс беру Абай облысында да таңғы сағат жетіден басталды. Тілшілеріміз сайлау учаскелерінен ақпарат таратуда. Дәл қазір №84 учаскеден Арайлым Әлиханова студиямен байланысқа шығуға әзір. Арайлым, қайырлы таң, дауыс беру қалай өтіп жатыр? 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар