Семейде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Биыл Семей қаласында жол жөндеу кешенді түрде жүріп жатыр. Қазірде Мичурин көшесіндегі жұмыстар аяқталды. 3 шақырымға жуық жол учаскесіне асфальт төселді. Сонымен қатар, қала тұрғындарының сұрауы бойынша бұл көшеге алғаш рет бордюрлер орнатылуда. Осындай жұмыстар Семейдің басқа да бірқатар көшесінде жалғасып жатыр.