Семейдің брендіне айналған өнімдер қандай?
Семей шағын және орта кәсіпкерлік дамыған қала. Қазір бұл салада 27 мыңнан астам бизнес нысаны жұмыс істейді. Кәсіпкерлер өндіретін тауар түрі де жыл санап көбейіп келеді. Азық-түлік, сүт өнімдері, ет және ұлттық тағамдарды жергілікті нарықпен қатар өзге өңірлерді де қамтуда. Кейбірі ішкі нарықпен шектелмей, шетелге экспортталады. Семейліктер қай өнімдерді өңірдің бренді деп санайды екен? Ендеше, тұрғындардың жауабына назар аударайық