«Ұстаз үшін бастарын оққа байлаған...». М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде ағартушы-педагог, Алаш қозғалысының қайраткері Әбікей Сәтбаев пен оның шәкірттеріне арналған естелік тақта ашылды. Салтанатты шараға ірі тұлғалардың ұрпақтары, әкімшілік өкілдері, зиялы қауым, ұстаздар мен студенттер қатысты.