Қыс кетіп, күннің көзі жылына бастағанда семейліктердің көңілінде бір сауал оянады: биылғы көктем қандай болмақ? Қазір Семейде көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілді. Қар шығару, арық жүйесін тазалау, мұз жару – барлығы жоспарға сай атқарылып жатыр. Биыл жауапты мекемелер көктемнің қамына ерте кіріскен.