2025 жылдың статистикасына сәйкес 201 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 51 адам қаза тауып, 421 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш төмендегенімен, жағдай әлі де күрделі күйде қалып отыр. Жуырда Семей – Қалбатау тас жолында қайғылы оқиға орын алып, жол апаты салдарынан төрт адам көз жұмды.