Ауыл – қазақтың алтын қазығы. Бірақ соңғы жылдары елді мекендердегі халық саны азайып, жастар қалаға бет бұрды. Енді осы үрдісті тоқтатып, ауылды жаңа деңгейге көтеруді көздеген нақты жоба қолға алынды. Абай облысында өткен «Қаладан – ауылға» өңірлік форумы – сол бастаманың айқын көрінісі. Бұл форум аймақта алғаш рет ауыл әкімдерінің басын қосып отыр. Жоба аясында ауылға қоныс аударғандарға баспана, мал, жұмыс барлығы кешенді түрде ұсынылады.