Жалпыұлттық коалиция мүшелері Семейдегі Достық үйінің қызметкерлерімен кездесті. Іс-шара барысында коалиция өкілдері Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады. Кездесуде құжаттың ел болашағы үшін маңыздылығы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері сөз болды. Жиын барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, алдағы референдумның тарихи маңызына тоқталды. Достық үйінің басшысы жаңа кезеңде әр азаматтың жауапкершілігі ерекше екенін атап өтті.