Бұдан кейін Берік Уәли Курчатов қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. 1967 жылы бой көтерген білім ордасы облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа қайта жаңғыртудан өткен. Бұл пайдалануға берілгелі алғаш рет ауқымды жаңғырту жүргізілгенін айта кету керек.