Бүгін Абай елі үшін тағы бір тарихи күн. Мемлекет басшысының қолдауымен басталған «Абайға құрмет» бастамасы жалғасуда. Оның аясында Солтүстік Қазақстан облысының өңірімізге сыйлығы – Рәміздер алаңы салынады. Бейбітшілік аралында бой көтеретін Рәміздер алаңының іргесін бекемдеуге облыс әкімі Берік Уәли мен Солтүстік Қазақстан облысынан келген делегация қатысты. Осы бір сәтке куә болған әріптесім Ерзат Жанатұлы бізбен байланыста. Ерзат сөз кезегі өзіңде.