Алда болатын республикалық референдумда ел аумағын және шетелдерде жиыны 10 мыңнан аса дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оның 80-і Қазақстан елшілігінің жанынан ашылса, 60-сі шет мемлекеттерде орналасады. Ата Заңның жобасы барлық дауыс беру учаскесінде аудио форматта қолжетімді болады. Семейде де дайындық жүріп жатыр. Ол жайлы тілшіміз Мадижанна Мұратова айтып берсін.