ҚР Сенат депутаттары Қайрат Тастекеев пен Айнұр Арғынбекова «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қызметі аясында Курчатов қаласына барды. Республикалық штаб мүшелері өңір тұрғындарымен және зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізіп, жаңа Конституция жобасын түсіндірді.