Өңірде жұмыспен қамтуға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді. Солар арқылы жұмысқа орналасып, еңбекке араласып жатқандар бар. Мысалы облыстың екі тұрғыны жергілікті балалар сауықтыру орталығына жұмысқа орналасты. Қазір олар балалардың денсаулығын нығайтуға және оңалтуға көмектесіп жүр.