Жаңа Конституция жобасы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Конституциялық комиссия жұмысының нәтижесі. Реформаның басты мақсаты – суперпрезиденттік басқару үлгісінен теңгерімді басқару жүйесіне көшу. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясы өзгерістердің мәнін әрбір азаматқа жеткізу мақсатында кездесулер өткізуде. Коалиция мүшелері «Семей» телеарнасының ұжымына да жаңа Конституция жобасы және оның бұрынғы редакциядан елеулі айырмашылықтары туралы айтты.