Абай облысы аумағында 25–27 ақпан күндері қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қаңғыбас» жедел-алдын алу шарасы өтті. Ол әлеуметтік осал топтарға нақты қолдау көрсетуге арналған кешенді бастама. Оның мақсаты –тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтарды анықтау және оларды әлеуметтік бейімдеу жүйесіне тарту. Бұл – тек кезекті рейдтік бақылау емес, қоғамдағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған ауқымды жұмыс. Құқық қорғау органдары есепте тұрмаған тұлғаларды анықтап, құжатсыз жүрген азаматтардың жеке басын сәйкестендіру, оларды тіркеу және қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағытында үйлесімді шаралар жүргізуде. Осы күндері теміржол вокзалдары, базар аумақтары, жалдамалы пәтерлер, саяжай алқаптары және басқа да қоғамдық орындар тексерілді. Әлеуметтік бейімдеуді қажет ететін азаматтар анықталып, уақытша бейімдеу орталықтарына орналастырды.