Жаңа Ата Заңның жобасы шын мәнінде халықтық құжат. Абай облысының кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездескенде Мәжіліс депутаты, Жалпыхалықтық коалиция мүшесі Ерлан Саиров осылай деді. Оның айтуынша, Конституциялық комиссия бастапқыдан ашық форматта жұмыс істеді. Қоғам тарапынан қойылған сұрақтарға, айтылған пікірлерге әр отырыста жауап беріліп отырды. Қоғамның барлық ұсыныс – тілектерлі ескерілді.