Өңірлік коалиция мүшелері шаһардағы кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесуді жалғастыруда. Бұл жолы жаңа Конституцияның жай – жапсарын түсіндіру мақсатында коалиция мүшелері «СемАз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Кездесуге жүзге тарта жұмысшы қатысты. Өңірлік коалиция мүшелері жаңа Ата Заң жобасы елдің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды құжат, дейді. Облыстық мәслихаттың депутаты, өңірлік коалиция мүшесі Съезбек Ахметов Жаңа Конституция жобасы елдегі құқықтық жүйені жаңғыртып, халықтың мүддесін қорғауды күшейтетінін айтады. Құжатта сонымен қатар білім мен ғылымды дамыту, инновациялық әлеуетті арттыруға бағытталған тетіктер қарастырылғанын тілге тиек етті. Еңбек ұжымын 15 наурыз күні күні өтетін референдумға бір кісідей келіп, қатысуға шақырды.