Абай облысы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібінде 2026 жылы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға дайындық барысы және білім басқармасының атқарған жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар, Мақаншы ауданының 2026–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспары мен жаз мезгілінде Алакөл жағалауында туристердің қауіпсіз әрі қолайлы демалысын қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Биыл Алакөл жағалауында инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жобалар көп.