«Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу». Осылай деген еді Президент Атыраудағы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында. Іле Ұлттық кітап күнін атап өту туралы бастама көтерді. Былтыр елімізде Ұлттық кітап күнін өз дәрежесінде атап өтті. Биыл атаулы дата кітапханашылардың кәсіби мерекесімен үйлесім табуда. Абай елінде 137 кітапхана бар. Кітапханалардың ахуалын, өңір жұртының кітап оқуға құлшынысын әріптесім Ерзат Жанатұлы қаузап көрді.