Құтты мекен – Ақтөбеден Абай облысына. Ұлылар елінде Ақтөбе облысының мәдени күндері өтті. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бастаған арнайы делегация келді. Делегация құрамында басқарма басшылары және шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар бар. Меймандар әуелі облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Абай ауданына барып, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кесенесінде болып, ұлылар рухына тағзым етті. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына қарасты Абай музей-үйін аралап, құнды жәдігерлермен танысты. Ақтөбе облысының мәдени күндері Семейде «Алтын бесік Ақтөбеден – Ұлы Абайға құрмет» атты гала концерті және Ақтөбе облысының тарихына негізделген тақырыптық көрмеге ұласты.