Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңір жастарын жат әдеттерден сақтаудың жаңа форматын қолға алуда. «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Ес-Аймақ» студент-жастар театры «Мұғалім» қойылымын сахналады. Онда жастар тарапынан абайсызда, албырттықпен жасалатын әрекеттердің салдары көрсетілді.