Елімізде «Ұлттық кітап күні» қарсаңында кітап апталығы басталды. Негізгі мақсат – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітапхананың заманауи мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Осы ретте Абай атындағы кітапханада «Кітапхана түні» акциясы ұйымдастырылды.