Семейде Логопедия құзыреттілік орталығы ашылды. Аталған орталық ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізетін мамандарды даярлауға арналған. Сонымен қатар, студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіру және сөйлеуі кешеуілдеген балаларға түзету, дамыту қызметін көрсетеді. Жаңа орталықтың ашылуы болашақ мамандардың тәжірибелік даярлығын күшейтіп, инклюзивті білім беру сапасын арттыруға және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға үлкен серпін бермек.