Абай облысында ардагерлер ұйымының II есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Алқалы жиынға өңір басшысы Берік Уәли, республикалық «Ардагерлер ұйымы» өкілдері мен облысқа қарасты барлық аудан-қалалардан делегаттар қатысты. Басқосуда ұйымның өткен жылдардағы жұмысы сараланып, алдағы міндеттер нақтыланды.