«Біріккен Энергосервистік компаниясы» акционерлік қоғамы қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада басталды. Биыл жарыс тұңғыш рет Абай облысында өтуде. Бұған дейінгі спорттық сайыстар Өскемен қаласында ұйымдастырылып келген. Энергетиктер биыл Семейде бас қосып, спорттың бірнеше түрінен өзара мықтыны анықтауда