Біз еліміз үшін маңызды кезеңнің қарсаңында тұрмыз. Мемлекетіміздің ертеңгі даму бағытын айқындайтын негізгі құжатқа таңдау жасайтын күн де алыс емес. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов СемАз ұжымымен кездесіп, жаңа Конституцияның өндіріске берер мүмкіндігін жан жақты талдап жеткізді.