Астанада үш жасар қыздың қайғылы жағдайға ұшырауына байланысты елдегі тіс емдеу мекемелерінде жоспардан тыс тексерулер жүріп жатыр. Бас прокуратура мәліметі бойынша, қазірге дейін 135 стоматологияда тексеру аяқталған. Ал Денсаулық сақтау министрі ата-аналарды баланың тісін емдетерде ем-дом түрімен толық танысып, қауіпсіздікті бірінші орынға қоюға шақырды.