1 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Қаржы сақшысы» атты интерактивті ойын өтуде. «Заң менТәртіп» тұжырымдамасы негізінде жүзеге асып жатқан бұл білім беру жобасы жасөспірімдерді интернеттегі алаяқтардың құрығына түспеуге, тез табыс уәде ететін жарнамалардың арбауына ермеуге үйретеді.