Семей медицина университетінің Басқарма төрағасы – ректор Алтай Дюсупов есептік кездесуін өткізді. Ол 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Атап айтқанда, университеттің ғылыми-инновациялық белсенділік бойынша медициналық жоғары оқу орындары арасында бірінші орынды иеленуі және «Таймс Хайер Эдьюкейшн» рейтингінің ТОП–1500 қатарына енуі басты жетістіктер қатарында.