Семей медицина университетінің қабырғасында адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы күрес күніне арналған жиын өтті. Оған 250-ден астам дәрігер, резидент және студент қатысты. Ауқымды форум алаңында Абай облысының мамандары ВИЧ инфекциясын анықтаудың, алдын алып, емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады.