Осы сапарда облыс әкімі Салқынтөбе ауылындағы жаңадан салынған медициналық пунктті көрді. Шаруалармен жүздесті. Шар қаласының маңында орналасқан «SHARCEM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің цемент зауытына барды.
ЖАҢА ЕМХАНА ЕСІГІН АШПАҚ
Салқынтөбе ауылындағы медициналық пункттің құрылысы толық аяқталып, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған, электр және су жүйелері тартылған. Алайда ғимарат әлі қолданысқа берілмеген. Мекемені аудандық аурухананың теңгеріміне өткізу жүруде. Қазір ауылдағы дәрігерлер 1986 жылы салынған тұрғын үйге бейімделген ғимаратта жұмыс істеуде. Олар 240 тұрғынға қызмет көрсетіп отыр. Енді сол мекемедегі мамандар жаңа ғимаратқа көшеді. Аймақ басшысы жаңа медициналық пунктті аралап көріп, дәрігерлермен пікірлесті.
ИТШ: 00316
«АҒАЙЫНДАРДЫҢ» АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТТАРЫ КӨП
Мұнан соң облыс әкімі ауылдағы «Ағайындар» шаруа қожалығында болды. 2023 жылы құрылған шаруашылық бүгінде қарқынды дамып келеді. Жалпы, жер көлемі 6 106 гектар. Оның ішінде 3,5 мың гектары – егістік алқап, 1 809 гектары – жайылым, ал 700 гектары – шабындық жер. Қожалықта қазіргі уақытта 22 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ауыл шаруашылығына қажетті 40-қа жуық техникамен толық жабдықталған. Бүгінде шаруашылық майлы дақылдарды өсірумен қатар, өсімдік майын өндіруге бағытталған жаңа жобаны қолға алып отыр. Аталған жоба 2026–2027 жылдары жүзеге асырылмақ және нәтижесінде қосымша 42 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Соңғы екі жылда бекітілген 222 гектар жерден жоғары өнім алынған. Биыл 507 гектар жерге бидай, 1 758 гектар жерге күнбағыс дақылы егілді. Шаруашылық егістік көлемін ұлғайтуға ниетті. Қожалық иелері аймақ басшысынан осы мақсатта 2 мың гектардан аса жер телімін бөлуге көмектесуді сұрады.
ИТШ: 00305
ӨҢІР ӨРКЕНДЕУІНЕ ҮЛЕС ҚОСАТЫН ӨНДІРІС
Бұдан кейін аймақ басшысы Шар қаласының маңындағы «SHARCEM» цемент зауытына барды. Өндіріс орны 2021 жылдың 9 сәуірінде құрылды. Жылына 1 млн тонна жоғары сапалы цемент шығарады. Жобаның жалпы құны 15 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда мұнда 284 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. «Sharcem» ЖШС – Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен жобалардың жарқын үлгісі деп айтуға болады. Мұның бәрі – өңірлік дамуға қосылған нақты үлес. Аймақ басшысы кәсіпкерлерді әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға, Семей қаласында салынатын жаңа ықшам аудан құрылысына атсалысуға шақырды. Кездесу барысында облыс әкімі жергілікті жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, олардың жалақы деңгейін көтеруге және маман даярлауға қатысты ұсыныстарын айтты. ЖШС бас директоры Си Цзюньфэн аймақ басшысы тарапынан айтылған ұсыныстарды қарастырып, тиісті шешім қабылдайтынын жеткізді. Жергілікті жұмысшыларды көбірек жұмысқа алуға, оқытуға дайын екенін айтты.
ИТШ: 00340, 00346
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға атсалысуға шақырамыз, қазіргі таңда жаңа ықшам ауданы Семей қаласында салуды жоспарлап отырмыз. Бізде 10% көтеруге бұл кісі бұйрық шығарған болатын. Осы жылдың ақпан айында көтереміз 5 %-қа кейін маусым айында 5 %-қа көтереміз деп. Бұл кісі генеральный директор болсада совет директоров Сингапурский компаниясында сол жерде талқыладық, бұл кісі сұрақтарды қойды. Қарастырамыз деді. Енді қазір 5 % дегенді 100 % көтеремін деп отыр. Одан бөлек премия беремін деп отыр. Орташа жалақы 205 мың шығады.
Абай облысының әкімі Берік Уәли Жарма ауданына жасаған жұмыс сапары аясында денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларындағы маңызды нысандардың жұмысымен танысты.
АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА