Жуырда өткен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында ел Президенті «Заң және Тәртіп» қағидатын ілгерілету қажеттігін атап өтті. Бүгін Экономикалық тергеу департаментінде ашық есік күні ұйымдастырылып, онда алаяқтардан қалай қорғану керектігі туралы айтылды.
Алаяқтық схемалардың құрылығана ілігетіндер аз емес. Жастар, тіпті ересектер де сенгіштік пен аңғалдықтың салдарынан дропперлер – яғни делдалдар болып тартылуда. Дропперлер – бұл алаяқтық жолмен ақша қаражаттарын шоттардан шығаруға қатысатын жалған тұлғалар. Бүгін ашық есік күні аясында өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болатыны айтылды. Сонымен қатар, Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері оларды қалай біліп-тануға болатыны туралы дәріс оқыды. Ақпарат алуға келгендердің бірі Нұрай Қадыржанова өз әсерімен бөлісті.
НҰРАЙ КАДЫРЖАНОВА - СТУДЕНТ
Бүгінгі лекцияда мошенниктар, яғни триггерлар, дроперлар туралы айтылды. Менің ойымша ол студенттерге, жастарға керекті ақпарат. Себебі қазіргі таңда дроперлерге, мошенниктерге ұсталу жағдайлары көп. Бүгінгі лекцияда дроперлерге ұсталмау жолдары, оларды қалай анықтау, қандай шаралар қолдану, яғни құқығымызды қалай қорғау керек туралы айтылды.
Қаржылық сауаттылық – Экономикалық тергеу департаменті (ЭТД) жұмысының маңызды бағыты. 2024 жылы алдын алынған залал мен қайтарылған қаражаттың жалпы көлемі 1,7 миллиард теңге болды. Бұл нәтижеге сараптамалық құралдардың көмегімен қол жеткізілді. Департаментте бюджеттік қаражаттың негізсіз шығындалуын болдырмауға мүмкіндік беретін алдын алу жұмыстарын жүргізетін аналитикалық бөлімше жұмыс істейді. Ведомство тек экономикалық қылмыстарды тергеп қана қоймай, құқық бұзушылықтардың алдын алуға да белсенді атсалысады. Мамандардың айтуынша, жастарға ерекше назар аударылады, өйткені олар интернеттегі қауіп-қатерлерге жиі ұшырайды.
МЕДЕТ ОРЫНБАСАРОВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭТД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Әр адам келіп өзінің қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында біз адамдарға көп нәрсе түсіндіреміз. Ол қаржылық пирамидаға кіріп кетпеу. Жалпы, қаржылық санасын арттыруға деген бағдарлама бойынша. Сонымен қатар, біздің департаментпен жоғары білім алу орындарында лекциялар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде жастар , мұғалімдер бар 00:41 ++++ 01:05 Қазіргі жастар қаржылық сауатты болу керек. Өйткені интернет желісі қазір озып жатыр Онда керек ақпараттан басқа, керек емес ақпарат да көп. Алданып қалытандары да бар. Сол жобаны орындау мақсатында, біз қазір бар күшімізді салып жатырмыз.
Қаржылық ресурстарын тиімді басқара алатын және қаржылық қатерлерге қарсы тұра білетін сауатты ұрпақ қалыптастыру мақсатында Департамент оқу орындарында тұрақты түрде семинарлар мен тренингтер өткізеді. Бұл шаралар барысында қаржылық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қызметкерлер тарапынан тәжірибелік ұсыныстар беріледі.
АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА