Абай облысының әкімі Берік Уәли Жарма ауданына жұмыс сапары аясында Ново-Таубинка ауылында бой көтеретін жаңа мектептің іргетасын қалау салтанатына қатысты. Бүгінде ауылда бір ғана бастауыш мектеп бар. Оның өзі 60 жыл бұрын балабақша ретінде салынған. Аймақ басшысы 3 ай бұрын осы ауылға барған сапарында тұрғындар мектеп мәселесін көтерген болатын.

Ауылдағы қазіргі мектеп ғимараты алғашында балабақша ретінде бой көтерген. Уақыт өте келе ол бастауыш мектепке айналып, қазірге дейін қызмет етіп келеді. Алайда, ғимараттың тозығы жетіп, апатты деп танылған. Мектепте спорт залы, кітапхана, мұғалімдерге арналған жеке бөлме мен медициналық пункт жоқ. Бастауыш сынып оқушылары ескі әрі тар ғимаратта оқуға мәжбүр болды.

БАУЫРЖАН ТҮЛЕНОВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А
Бұл мектеп негізі 60 жылдары салынған, қазіргі таңда апатты болып танылған. Бастауыш сыныпта қазіргі таңда 36 бала оқиды. Сонымен қатар осы ауылда 47 бала тасымалдаумен маңайдағы Суықбұлақ мектебіне 5-11 сыныптағы балалар оқиды. Сондықтан қазіргі таңда осы жерге орта мектеп салу өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Алдағы уақытта балаларымызды жаңа мектептің қабырғасында аттайды және жаңа мектепте оқиды деп сенімдіміз.

Ауыл тұрғындары жылдар бойы көтеріп келген мәселенің оң шешілгеніне ризашылықтарын білдірді.

ЕРЖАН ҚАСЫМОВ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Осы ауылда туып өскенмін. Енді біздің ауылда міне жақсы жаңалық. Мектеп салғалы жатыр. Өте қуаныштымыз. Біздің ауылда басатауыш мектеп қана болатын 4 сыныпқа дейін. Қазір енді жаңадан ірге тасын көтергелі жатыр мектептің осы біздің жасөспірім бүлдіршіндерге үйдің жанында өз ауылымызда мектебіне келіп жүретініне қуаныштымыз.

Жаңа мектептің қажеттігін тұрғындар 2011 жылдан бері айтып келеді. Аймақ басшысы биылғы 19 наурызда Жарма ауданына жұмыс сапарымен барғанда осы білім ордасының апатты жағдайын көріп кеткен болатын. Сол кезде жаңа мектеп салудың өзектілігін айтып, мәселені бақылауында алатынын жеткізген еді.

БЕРІК УӘЛИ – АБАЙ ОБЛЫСЫНЫ ӘКІМІ
Мына енді іргесі қаланғалы отырған білім ордасы бұл Новотаубинка бастауыш мектебінің шаңырағы биік, толағай тұлғалар көп шығатын орда болсын деп тілек айтқым келеді. Баршаңызды бүгінгі айтулы күнмен құттықтауға рұқсат етіңіздер. «Облысымызда қазіргі таңда 3 апатты 3 мектеп бар. Оның бірі осы Суықбұлақтағы мектеп болатын. Мектепті өздеріңіздің жерлестеріңіз салайын деп жатыр мердігер компания біздің облысымызға танымал біраз ірі құрылыс нысандарын салып жүрген құрлыс компаниясы. Өздеріңіз оның сапасын қадағалап, бірге атсалысып, осы құрылыс жұмыстарын қадағалап отырасыздар деп ойлаймын.

Ауыл тұрғындары облыс басшысы айтқан уәденің іспен дәлелденгенін көріп отыр.

ТОЛҚЫН ЖАҚСЫБАЕВА – НОВО-ТАУБИНКА БАСТАУЫШ МЕКТЕБІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Осы 2025 жылдан бастап Наурыз айында Берік Уәли Абай облысы әкімі болып тағайындалғаннан кейін өңірлерді аралап, біздің мектепке келіп осы мектептің апатты жағдайда екенін танып бүгінгі күні 2 ай уақытта осы сұрағымыздың шешімін тауып жатыр. Енді мектебіміз салынсын жақсы білім ордасы болсын. Берік Уәли мырзаға зор алғысымызды білдіреміз.»

Жаңа білім ордасы 100 оқушыға лайықталып жобаланған. Құрылыстың аумағы – 1 гектар. Қос қабатты негізгі ғимараттың жалпы көлемі 1 600 шаршы метр.

АЙДОС СОЛТАНҒАЗЫ, МЕРДІГЕРЛІК КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ
Бүгін міне өзіміз туып өскен ауылымызға жаңа мектептің құрылысын бастағалы жатырмыз. Бұның ішінде 12 оқу бөліммен қатар, жеке спорттық блогы қарасатырылған. Сыртқы алаңда гиманстика, футбол, баскетбол, волейбол алаңдары қарастырылған.

Тұрғындар жылдар бойы көтеріп келген мәселенің үш айдың ішінде шешілгеніне риза. Мектеп облыстық бюджет қаражатына салынады. Құрылыстың аяқталуы 2026 жылдың сәуір айына жоспарланған. Ғимарат заманауи технологиялармен жабдықталып, оқушыларға сапалы білім алуға мүмкіндік туады.


АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА