Аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» жобасы ел арасында қолдауға ие болды. Бірқатар елдімекен әкімдері мен қожалық жетекшілері көшіп келемін дейтіндерді қарсы алуға әзір. Мал бөліп, жұмыспен қамтуға ұсыныстарын жолдағанын көріп жатырмыз. Қазақтың алтын бесігі болған «Қаладан ауылға» жобасы көпке ой салды.