Әр әйел бақытты болуға лайықты. Бұл облысымызда жүзеге асып жатқан «Нұрлы әйел» жобасының ұстанымы. Әлеуметтік жоба тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген нәзік жандыларды қолдап, олардың өмірде аяқтарын қайтадан нық басуына көмектеседі. Халықаралық әйелдер күніне орай жобаның «Сән мен сенім» атты қайырымдылық сән көрсетілімі өтті.