Тұрғындарды баспанамен қамту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қазір ол бойынша аймақтағы жүйелі жұмыс қарқынды. Кезекті пәтер кілттерін табыстау рәсімі шаһардағы Құнанбай көшесінде өтті. 14 қабатты жаңа тұрғын үйден 50 пәтер халық игілігіне берілді. Салтанатты жиынға облыс әкімі Берік Уәли және «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қатысты.