Биыл Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығына – 30 жыл. Айтулы дата және халықаралық әйелдер күні қарсаңында қаламызда «Әлемді және бесікті тербететін – ана» атты облыстық іскер әйелдер форумы өтті. Онда өңіріміздегі іскер әйелдердің белсенділігі, қоғамның дамуына қосқан үлесі сөз болды.