Үржар – егін,бақша шаруашылығымен ерекшеленетін аудан. Өткен жылы ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 82 млрд. теңгеден асты. Былтыр экономиканы дамыту, инфрақұрылымды жаңарту және халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 елді мекенде 14 шақырым болатын 18 көше орташа жөндеуден өтті. Бұл жайында өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Ақылбек Башимбаев айтты.