Адам - ең жоғары құндылық. Жаңа Конституция жобасының негізгі өзегі осында жатыр. Ол бұл қағида преамбуладан бастап барлық тарауға арқау болған. Облыстық мәслихат депутаты, Өңірлік коалиция мүшесі Марат Құрманбай Семейдегі №17 орта мектеп ұстаздарымен кездесуде осындай пікір білдірді. «Ата Заңның басты қағидасы - Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп принципін орнату. Жаңа жоба мықты мемлекетті, әділетті қоғам құруды көздейді», деп атап өтті Марат Құрманбай. Сондай-ақ, жаңа Конституция жобасында білім мен ғылымға ерекше мән берілгенін жеткізді. Қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту жағына да басымдық барын айтты.