Семейдегі ірі өндіріс ошақтарының бірі Силикат зауытында маңызды кездесу өтті. Кәсіпорын ұжымымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау және өңірлік коалиция мүшелері кездесті. Жиынның басты тақырыбы – жаңа Конституция жобасы болды. Депутат Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мазмұнын, негізгі бағыттарын түсіндіріп, 15 наурызда өтетін референдумның ел өміріндегі маңызына тоқталды. Өңірлік коалиция өкілдері де жаңа құжаттың ерекшеліктерін түсіндіріп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.