Облыс әкімінің «Қаладан-ауылға» қанатқақты жобасы қалың көпшіліктің қызығушылығын тудырып, көптен бері ауылға көшем деп жүргендерге жол ашып отыр. Қазірдің өзінде облыстың елді-мекендеріне қоныс аударуға ниет білдіргендердің, тіпті алғашқы қадам жасап жатқандардың қатары күн санап артып келеді. Тұрғындарды шақырған ауылдардың бірі Бесқарағай ауданына қарасты Қарабас ауылдық округі.