Өңірлік коалиция мүшелері «Семей Инжиниринг» АҚ ұжымымен кездесті. Оның негізгі тақырыбы — жаңа Конституция жобасы бойынша алдағы референдумға дайындық. Кездесу барысында негізгі өзгерістер талқыланды. Әсіресе жұмысшылардың құқықтарына, еңбек жағдайларының сапасын арттыруға және жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. «Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, алдағы референдумның еңбек құқықтарын қорғауды нығайтудағы маңызын атап өтті