Бүгін Семейде аймақ басшысы билік пен халықтың арасындағы алтын көпірге айналған қоғамдық кеңес мүшелерімен жүздесіп, маңызды міндеттерді талқылады. Қазіргі уақытта бұл құрылым азаматтық қоғамның мүддесін қорғайтын, ашық диалог орнататын негізгі алаңға айналып отыр.