Жалпыхалықтық референдумға санаулы күн қалды. 15 наурызда ел тұрғындары маңызды саяси науқанда өз таңдауын жасайды. Осыған байланысты өңірлерде дауыс беру учаскелерінің дайындығы пысықталып жатыр. Семей қаласындағы 128 референдум учаскесінің жабдықталуы, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне жасалған жағдай тексерілуде.