Ресми мәліметке сәйкес, қазір Қазақстанда 6 млн-ға жуық жас бар. Бұл ел халқының 29%. Жастар – мемлекет дамуының қозғаушы күші, халықтың ең белсенді бөлігі. Былтыр өңірімізде де жастармен жұмыстың институционалды құрылымы нығайып, тиісті басқарма құрылған еді. Бір жылдық жұмыс пен оның нәтижесі өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте айтылды.